Қазақстанда миллионнан астам адамның айлық табысы 85 мың теңгеден аспайды. Үкімет оның мөлшері биыл да, келесі жылы да өспейді деп отыр. Азық-түлік, түрлі қызмет ақысы ұдайы қымбаттап жатқан кезде бұл ақша ештеңеге жетпейді дейді сарапшы. Ал президент елді әлеуметтік масылдыққа қарсы тұруға үндеді.
Ақорда президент Тоқаевтың "даукес әйелдер" туралы мәлімдемесіне түсінік берді. Америкалық басылым Еуропа одағы Қазақстанға да санкция салғалы жатқанын хабарлады. "Қазақстанда миллионнан аса адам 85 мың теңге жалақы алады" дейді еңбек министрі.
Президент Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтарумен айналысатын комитеттің атауын өзгертуді ұсынды. Бұл миллиардтаған долларды елге қайтаруға қалай әсер етпек? Биліктің қайтарылған қаржы жайлы дерегі неге әртүрлі? Осы іспен айналысатын комиссия мүшесінен сұрадық.
Қытай елшілігінің алдындағы оқиға. Қамаудағы күйеуін босатуды талап еткен әйелге полиция ескерту айтты. Президент шетке кеткен заңсыз қаражатты қайтарумен айналысатын органды инвестор құқығын қорғауға жұмсамақ. Шетке кеткен қаражатты қайтару ісі тоқтады ма? Комиссия мүшесі жауап берді.
Президент Тоқаев сенатты қысқартып, бір палаталы парламентті партиялық тізіммен сайлау жайлы бастама көтерді. Ел тарихында бір палаталы парламент, тек партиялық тізім бойынша сайлау бұрын да болған. Кезінде олардан бас тартқан Ақорда енді нені өзгерткісі келеді? Сарапшылар пікірін білдік.
Президент Тоқаев сенаттан бас тартатын бастама көтерді. Өзі 10 жыл басқарған орган енді неге керек емес? Жұмыс орындарын қысқарту туралы президенттің ұсынысына қол соққан сенаторлар қандай көңіл-күйде? Қазақстанға отыз жыл бұрын бас тартқан бір палаталы парламент қазір неге керек болып қалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектімен байланыстыра айтты. Ол парламентті бір палаталы етіп қайта құруды ұсынып, екінші және үшінші АЭС құрылысын тездетуді тапсырып, "даукес әйелдер" мен "масылдықты" сөкті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне Aitu қосымшасын қолдануды тапсырды. Бұл қандай платформа? Билік Ресей мен Қытайдың жолын таңдады ма? Цифрлық құқық мамандары бұдан қандай қауіп көреді?
В Туркменистане предпринимателей и мастеров, занимающихся продажей и ремонтом мобильных телефонов, заставляют продавать VPN-системы и серверы, созданные департаментом кибербезопасности МНБ. Там также усилили репрессии против тех, кто использует эти технологии, в первую очередь женщин
ORDA сайтының бас редакторы министр Мұрат Нұртілеуді журналистің өліміне айыптады. "Ұлтаралық араздықты қоздырды" деп күдікке ілінген блогер Мирболат Мырзатайұлы екі айға қамалды. Ресей Қазақстан арқылы Қытайға өтетін мұнайының көлемін арттырмақ. АҚШ президенті Ресейден мұнай алмауға шақырған.
ORDA сайты министр Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Министрлік жоққа шығарды. Банктерден 144 миллиард теңге жымқырып сотталған банкир Жомарт Ертаев 5 жылда босап кетті. Үкімет АӘК берудің тәртібін өзгертпек. Бұдан былай шаңырақтың табысын емес, шығынын есептемек.
Алматыда белсенді Мирболат Мырзатайұлын полиция ұстап отыр. Сыншыл блогердің қай сөзі кімге жақпай қалды? Қаңтар оқиғасынан соң президенті сотқа бермек болған Тимур Дәнебаев түрмеден шықты. Қытай әскери парад өткізді. Мәскеу сияқты Пекин де бұлшық етін бұлтыңдата бастады ма?
Қазақстан Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толған шақта қоғамда оны жаңарту керек дейтін әңгіме көтерілді. Тіпті жаңа негізгі заң қандай болуы керектігі жайлы екі түрлі жоба да жарияланды. Ақорда қазіргі Конституцияның мән-мазмұнын сақтауды жөн көргенін айтады. Азаттық жоба авторымен сөйлесті.
Қазақстанға жаңа конституция керек дейтін ұсыныс айтыла бастады. Ерікті бастама ма, айтқызып отырған әлдебіреулер бар ма?
Нарын облысы Ақ-Талаа ауданына қарасты Кош-Дөбө ауылын айналып өткен темір жолдың құрылысы қарқын алған. Жергілікті халықтың тұрмысына құрылыс қалай әсер етті?
Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы АҚШ-тың Жапонияға екі ядролық қару тастауымен аяқталды. Жойқын қарудан екі қаласының күл талқаны шыққан жапон билігі берілу туралы шешім қабылдаған. 80 жыл бұрын атом бомбасы жарылған екі қаланың бірі Хиросима қазір гүлденген, дамыған қалалардың қатарында.
Израильдің кезекті соққысынан Газаның оңтүстігінде кемі 20 адам қаза тапты. Олардың ішінде халықаралық БАҚ-та істеген бес журналист бар. Израиль билігі соққыны «қасіретті инцидент» деп атап, тергеу басталғанын мәлімдеді.
14 тамыз күні Қазақстан тарабы Қытай берген ақпаратқа сілтеп жауап берген. Онда 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпағаны айтылған. Қос азаматтық екі елде де «заңсыз».
Тағы